2026 жылғы 3 қарашада Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының мемлекеттік қызметшілеріне арналған семинар өткізді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Зейнегүл Бірлікқызы Кунанбаева «Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау: мүдделер қақтығысының алдын алу және сыбайлас жемқорлық профилактикасы» тақырыбында баяндама жасады.
Семинар аясында қатысушылар мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың негізгі талаптарымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы белгіленген шектеулермен, сондай-ақ мүдделер қақтығысының алдын алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының профилактикасы жөніндегі шаралармен таныстырылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы, мүдделер қақтығысына жол бермеуі және мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік ахуалын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.





