ШЫМКЕНТТІҢ ЦИФРЛЫҚ БОЛАШАҒЫ: УНИВЕРСИТЕТ ПЕН ҚАЛА ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТАДЫ
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті мен Шымкент қаласының Цифрландыру басқармасы цифрлық технологияларды дамыту, ғылыми-инновациялық әлеуетті нығайту және білікті мамандар даярлау бағытында ынтымақтастық орнатты. Тараптар арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Қол жеткізілген келісім университеттің білім беру, ғылыми және инновациялық әлеуетін қаланы дамытудың басым бағыттарымен ұштастыруға, сондай-ақ Шымкент қаласындағы цифрлық трансформация үдерістерін ғылыми-технологиялық тұрғыдан қолдауға бағытталған.
Меморандум аясында ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект салаларында білікті кадрлар даярлау, бірлескен қолданбалы зерттеулер жүргізу, заманауи цифрлық шешімдер әзірлеу, сондай-ақ университет ғалымдарының ғылыми жобаларын тәжірибе жүзінде сынақтан өткізу көзделген.
Кездесу барысында Шымкент қаласының Цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов цифрлық технологияларды дамытуда ғылыми және білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық орнатудың маңыздылығын атап өтті.
«Қаланың цифрлық трансформациясы – бұл тек технологиялық жаңғырту ғана емес, сонымен қатар басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға және жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталған кешенді үдеріс. Бұл бағытта университеттің ғылыми әлеуеті мен жас мамандардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану біз үшін маңызды. Бірлескен жобалар нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді», – деді Мұхит Кемелов.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









