Хромтау қаласында қоғамдық кеңістіктер жаңартылып жатыр

    1 / 8

    Хромтау қаласында тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру, қаланың сәулеттік келбетін жақсарту және жасыл желек көлемін арттыру бағытында кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында жүзеге асырылған.

    2026 жылы аудан орталығындағы бірнеше қоғамдық кеңістік жаңғыртудан өтті. Атап айтқанда, Полиция аллеясы, Денсаулық аллеясы және бұрынғы балалар қалашығының аумағы жаңа кейіпке енді.

    Полиция аллеясында жаяу жүргіншілер жолының тротуарлық плиталары жаңартылып, заманауи жарықтандыру және автоматты суару жүйелері орнатылды. Аумақты көгалдандыруға да ерекше көңіл бөлінді. Мұнда 138 түп ірі жапырақты жөке ағашы, 208 түп гортензия, 228 түп седум және 252 түп лаванда отырғызылды.

    Денсаулық аллеясында жаяу жүргіншілер жолдары жаңартылып, жарықтандыру мен автоматты суару жүйелері орнатылды. Сонымен қатар, аллея аумағына ағаштар мен сәндік өсімдіктердің 17 түрінен барлығы 153 түп көшет егілді.

    Ал бұрынғы балалар қалашығының аумағы тұрғындардың отбасылық демалысына арналған заманауи кеңістікке айналды. Мұнда тротуар плиталары мен жарықтандыру жүйесі жаңартылып, субұрқақ, биіктігі 7 метрлік балалар ойын кешені және түрлі ойын элементтері орнатылды. Сондай-ақ тұрғындардың қолайлылығы үшін екі кабиналы заманауи биодәретхана қойылды.

    Аумақты көгалдандыру аясында 600 шаршы метр жерге көгал төселіп, 10 түп шетен ағашы отырғызылды.

    Аталған жұмыстар қаланың келбетін жақсартып қана қойған жоқ, мұнда тұрғындар бос уақытын тиімді өткізіп, балаларының қауіпсіз әрі қолайлы ортада ойнауына және табиғат аясында демалуына мүмкіндік алды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының әкімдігі" жаңалықтары