СҚО ПД-де қарсылыққа тап болған полицейлер марапатталды

    1 / 4

    Адамдардың өмірі мен тыныштығын күзететін полицейлер әр кезекшілік кезінде балағат сөздерге, шабуыл жасау әрекеттеріне және өзге де құқыққа қайшы әрекеттерге тап болуы мүмкін. Мұндай жағдайда олардың өз қауіпсіздігіне де қатер төнеді.

    Мәселен, патрульдік полиция батальонының қызметкері Қанат Фазылов осыдан 10 жыл бұрын Чириковка ауылы маңындағы тасжолда адамдарды құтқарғаны үшін «Ерлігі үшін» мемлекеттік наградасымен марапатталған.

    Тамыз айының басында ол әріптесі Артем Борисовпен бірге Петропавл қаласындағы ойын-сауық орындарының біріне шақырту бойынша барған. Сол жерде болған жанжалға қатысушылардың бірі агрессия танытып, полицейлерге күш қолданатынын айтып қорқытқан.

    Ал қаңтар айында Петропавл қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкері Жақсылық Қожелдақов мас күйдегі құқық бұзушының агрессивті әрекетіне тап болды.

    Бүгін олар СҚО ПД бастығы Руслан Назаровтың қолынан Құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтар алды. Марапаттау рәсіміне СҚО ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Нұрболат Бегім және ПД мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы Ақан Сыздықов қатысты.

    Сонымен қатар осы күні Солтүстік Қазақстан облысында 15 жас полицей алғашқы офицерлік шендерін алды. Олардың қатарында учаскелік полиция инспекторлары, анықтаушылар, ювеналды полиция қызметкерлері, патрульдік полиция батальонының және басқа да бөлімшелердің қызметкерлері бар. Күн сайын Заң мен тәртіпті қамтамасыз ету жолында қызмет ететін тағы төрт полицейге полиция майоры, екі қызметкерге полиция подполковнигі атағы берілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары