❤️ Жақсылық жүректерді біріктіреді!

    2026 жылғы 8 қазанда Мүгедектігі бар адамдар күні қарсаңында тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері Альтапов Рамиль Рафхатович пен Кунапьянов Танат Бекович «Саран қаласының Отбасын қолдау орталығы» КММ маманымен бірлесіп, Саран қаласындағы естімейтін және саңырау мүгедектігі бар адамдар қоғамының отбасыларына азық-түлік жиынтықтары түрінде қайырымдылық көмек көрсетті.
    Іс-шараға ымдау тілі аудармашысы Качмашева Ангелина Олеговна қатысып, еркін әрі жылы қарым-қатынас орнатуға ықпал етті.
    💐 Қайырымдылық жасаған азаматтарға мейірімділігі, жанашырлығы және бейжай қарамағаны үшін шын жүректен алғыс білдіреміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" жаңалықтары