Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі судья лауазымына арналған біліктілік емтиханының кезекті компьютерлік тестілеу кезеңінің қорытындысын шығарды. Тестілеуге қатысқан 56 үміткердің 15-і белгіленген шекті деңгейден сәтті өтті.
Бұл нәтиже үміткерлердің теориялық дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың тұрақты түрде жоғары екенін көрсетеді және судья кадрларын іріктеу тетіктерін жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін растайды.
Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың тапсырмасын іске асыру аясында тест сұрақтарының базасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес толығымен жаңартылып, сұрақтар саны 300-ден 1000-ға дейін ұлғайтылды. Сонымен қатар емтиханның нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыру тәсілдері қайта қаралып, тестілеудің барлық қатысушылары үшін міндетті нормативтік құқықтық актілердің бірыңғай тізбесі бекітілді.
Компьютерлік тестілеуден сәтті өткен үміткерлер біліктілік емтиханының келесі кезеңдеріне, атап айтқанда, жазбаша эссе жазуға, практикалық кейстік тапсырмаларды шешуге және психологиялық тестілеуден өтуге жіберілді.
2026 жылдың басынан бері компьютерлік білім тексеру рәсіміне шамамен 590 кандидат қатысты, олардың 20,85%-ы белгіленген шекті деңгейден сәтті өтті. Бұл болашақ судьялардың кәсіби құзыреттерін бағалаудың қатаң өлшемшарттары сақталып отырғанын көрсетеді.
Компьютерлік тестілеу ай сайын өткізіледі. Бұл судьялар корпусын қалыптастырудың жоғары стандарттарын сақтай отырып, іріктеу рәсімінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты біліктілік емтиханына қатысу үшін құжаттарды қабылдау тұрақты негізде жүзеге асырылатынын еске салады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








