🏋️‍♂️ ОРАЛДА АУЫР АТЛЕТИКАДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

    Орал қаласындағы «Жайық Арена» спорт кешенінде 2012 жылы туған және одан кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

    Республикалық додаға Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 16 облысынан келген 250-ге жуық жас зілтемірші қатысуда.

    Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Дәурен Мұқанов, ауыр атлетика федерациясының өкілдері Сергей Цирульников пен Жамбулат Зиадин, облыстық федерация президенті Тілек Сапаров және спорт саласының өкілдері қатысты.

    Іс-шара барысында Жапонияда өткен Азия ойындарына қатысқан Өтепберген Әлиевке құрмет көрсетіліп, оның халықаралық аренада ел намысын қорғаудағы еңбегі атап өтілді.

    Ашылу салтанаты аясында Гиннестің рекордтар кітабының рекордсмені Сергей Цирульников күш өнерін көрсетіп, жас спортшыларға ерекше серпін сыйлады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" жаңалықтары