Жұқпалы емес аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін бағалау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    2026 жылғы 22 қазанда Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС «Қызылорда бөлімшесі» филиалының Қызылорда локомотив пайдалану депосы жұмысшылары арасында жұқпалы емес аурулардың алдын алу жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, онкологиялық және созылмалы тыныс алу жолдары ауруларының негізгі қауіп факторлары мен олардың алдын алу шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар дұрыс тамақтану, дене белсенділігін арттыру, зиянды әдеттерден бас тарту, күйзелістің алдын алу және профилактикалық медициналық тексерулерден уақытылы өту мәселелеріне назар аударылды. Қызметкерлердің денсаулығын сақтау және ауруларды ерте анықтау мақсатында ұйымдарда салауатты еңбек ортасын қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары