2026 жылғы 21 қазанда Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Алматы-2 станциясының теміржол вокзалында Эбола геморрагиялық қызбасына күдікті науқас анықталған жағдайда атқарылатын іс-қимылдар бойынша оқу-жаттығу өткізді. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – аса қауіпті инфекцияға күдікті жағдай анықталған кезде жұмылдырылатын қызметтер мен ұйымдардың өзара іс-қимылын үйлестіру және олардың дайындық деңгейін бағалау. Іс-шараға медициналық ұйымдардың, жедел медициналық жәрдем қызметінің, желілік полиция бөлімінің, теміржол мекемелерінің, дезинфекциялық қызметтердің және Ұлттық сараптама орталығы филиалдарының өкілдері қатысты. Оқу-жаттығу барысында қатысушы қызметтердің өзара іс-қимылы, жедел әрекет ету тәртібі және инфекция ошағында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері пысықталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








