ҚАЗЫҒҰРТ: «ШАРБҰЛАҚ» ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КММ-ДА ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

    1 / 4
    Жүргізілген тексерудің негізгі мақсаты - жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің заңнамалық талаптарын сақтауын, оның ішінде еңбек шарттарын жасасу және рәсімдеу, жұмыс уақыты мен тынығу уақытын сақтау, жалақыны уақтылы және толық төлеу, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын орындау мәселелері бойынша заңнама талаптарының орындалуын тексеру.
    Осыған орай, Департаменттің тексеру тағайындау актісіне сәйкес 2026 жылдың 30 қазан күні Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Темірбаева Мадина Сейдуалықызы Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты «Шарбұлақ» жалпы білім беретін мектеп» КММ-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.
    Тексеру барысында Мадина Сейдуалықызы мектеп ұжымындағы еңбек қатынастарында еңбек шарттарын рәсімдеу, жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуы, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының тәртібі, еңбекке ақы төлеу, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы мәселелеріне назар аударылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары