САРЫАҒАШ: АУЫЗ СУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    1 / 10
    Сарыағаш ауданына қарасты Жібек Жолы,Дербісек жәнеде Ақжар ауылдық округтерінде Р-1 магистральды ауыз су құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде. Атқарылып жатқан жұмыстарды барысын өңір басшысы Арман Абдуллаев саралады. Жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар беріп, жобаның белгіленген мерзімде әрі сапалы орындалуының маңыздылығына ерекше назар аударды.
    Жоба жалпы 33,5 шақырымдық аумақты қамтиды. Қазіргі таңда 600 метр ауыз су құбыры тартылған және жұмыстар Ақжар ауылдық округі аумағында атқарылуда. Аталған жобаның нәтижесінде Ақжар, Дербісек, Атамекен, Тын, Жемісті, Дихан баба елді мекендері сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
    Сондай-ақ аудан басшысы құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз ету, бекітілген жұмыс кестесін қатаң сақтау және атқарылып жатқан жұмыстарға тұрақты бақылау жүргізу бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
    Аталған жоба бойынша тапсырыс беруші – «Сарыағаш ауданының ТҮКШ бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Құрылыс жұмыстарын «САҚ-ҚҰРЫЛЫС» ЖШС жүзеге асырады, ал авторлық қадағалауды «МПК-ПРОЕКТ» ЖШС жүргізеді.
    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары