1 / 14
Туған жердің тазалығын сақтау — әрбір азаматтың міндеті әрі туған өлкеге деген қамқорлығының көрінісі. Қоршаған ортаны таза ұстау мақсатында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Сарыағаш ауданында сенбіліктер жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді.
Кезекті жалпыхалықтық сенбілікке Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасарлары мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері белсене қатысты. Сағат 9:00-де басталған іс-шара ауданның бірқатар аумағын қамтыды.
Сенбілік барысында Сарыағаш қаласы мен ауданға қарасты ауылдық округтердің көшелерінде санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Көше бойындағы қоқыстар жиналып, арық-атыздар тазартылды. Жұмысқа арнайы техника жұмылдырылып, көктемгі ағаш отырғызу жұмыстары да жалғасын тапты.
Сарыағаш қаласы арқылы өтетін теміржол маңында да тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Бей-берекет тасталған тұрмыстық қалдықтар жиналып, арнайы техниканың көмегімен шығарылды. Сонымен қатар аумақтарды ретке келтіру, қоқысты сұрыптау және қоршаған ортаны абаттандыру жұмыстары атқарылды.
Сенбілік кезінде аудан әкімі Сарыағаш қаласының әкіміне қала аумағындағы тазалық жұмыстарын тұрақты ұйымдастыру және санитарлық жағдайды жақсарту жөнінде нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ жауапты орынбасарларына жұмыстардың сапалы орындалуын бақылауды тапсырды.
Аудан тұрғындарын туған жердің тазалығын сақтауға және экологиялық бастамаларды қолдауға белсенді атсалысуға шақырамыз!
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








