САРЫАҒАШ: «ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІНДЕ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

    1 / 10
    Сарыағаш ауданында қайта жаңғыртылып жатқан «Жібек жолы» кеден бекетінде құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Қазіргі таңда нысанды пайдалануға дайындау шаралары жүргізілуде.
    Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев жауапты сала мамандарымен бірге нысанға барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Аудан басшысы құрылыс сапасына, инженерлік инфрақұрылымның дайындығына және арнайы жабдықтардың орнатылуына назар аударды.
    Бүгінде құрылыс жұмыстарының басым бөлігі аяқталып, инженерлік инфрақұрылым толық дайындалған. Ғимараттың ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізіліп, рентгендік тексеру қондырғылары орнатылған. Сонымен қатар арнайы жабдықтарды орнату, нысан аумағын тазалау және абаттандыру жұмыстары жалғасуда.
    Аудан әкімі жауапты тұлғаларға қалған жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтап, кеден бекетінің толыққанды жұмыс істеуіне қажетті жағдайларды қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.
    Айта кетейік, алты жолақты «Жібек жолы» кеден бекеті толық іске қосылғаннан кейін тәулігіне 70 мың адамды, 2 мың автокөлікті және 200 автобусты өткізуге мүмкіндік береді. Бұл шекарадағы өткізу қабілетін арттырып, жолаушылар мен көлік құралдарының қозғалысын жеделдетуге ықпал етеді.
    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары