Қарқаралы қаласында 2011–2012 жылдары туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Мәди Бәпиұлы атындағы VI республикалық дзюдо турнирінің ашылу салтанаты өтті. Ауқымды спорттық шараға Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ұлытау облыстары, Астана, Қарағанды, Балқаш қалалары және бірқатар аудандардан 200-ге жуық жас спортшы жиналды. Салтанатты жиында өңірдің спорт саласының жауапты тұлғалары мен ардагерлері қатысушыларға сәттілік тілеп, жарысқа демеушілік көрсеткен азаматтарға алғыс білдірді. Жарыс барысында қыздар бір салмақ дәрежесінде, ал ұлдар сегіз салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайтын болады. Турнирдің басты мақсаты – жас дзюдошылардың спорттық шеберлігін шыңдау және өңіраралық байланысты нығайту. Сонымен қатар, бұл дода өскелең ұрпақты бұқаралық спортқа тартып, салауатты өмір салтына баулуға бағытталған.
Қарқаралыда республикалық дзюдо турнирі басталды
"Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Ынталы ауылдық округі әкімі аппараты"мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 2
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

«АЛТЫН КҮЗ – 2026» МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
Қазақстан Республикасының Мексикадағы Елшілігі шетел азаматтарының елімізге келуіне арналған электрондық рұқсатты (ETA) «QazETA» мемлекеттік цифрлық платформасы арқылы ресімдеу тәртібі, шарттары мен мерзімдері туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы ЕлшілігіАшу
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында жаңа Азаматтық кодексті қабылдау қажеттігін айтты.
Шымкент қаласының Әділет департаментіАшу
Жетісу құтқарушылары самбодан жүлделі орындарға ие болды
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
Қызылорда облысында электронды білезіктер арқылы 104 құқық бұзушылық анықталды
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖДАшу
""Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Ынталы ауылдық округі әкімі аппараты"мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары

Қарқаралы ауданының Көктас ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
"Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Ынталы ауылдық округі әкімі аппараты"ММАшу
Туған жерге арналған промо-роликтер байқауы
"Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Ынталы ауылдық округі әкімі аппараты"ММАшу
«АЛТЫН ДОМБЫРА» – ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ МЕН ӨНЕРГЕ БАСТАР ЖОЛ
"Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Ынталы ауылдық округі әкімі аппараты"ММАшу