«АУЫЛДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ЖАҢҒЫРТУ» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚАРАЖАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

    1 / 3
    Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында 2026 жылғы 30 қазанда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасын іске асыруға бағытталған қаражатты пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды.
    Мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпаратпен Тексеру комиссиясының мүшесі С.Ш. Тастембеков сөз сөйледі.
    Мемлекеттік аудитпен 1 объект қамтылды.
    1.Іс-шара қаражат көлемдерін анықтаусыз өткізілді.
    2.Аудит барысында 30 медициналық ұйымға бақылау мақсатында қарап тексерулер жүргізілді.
    Құрылыс-монтаждау жұмыстары бөлігінде ақаулар анықталды, олар бойынша оларды жою туралы ұсынымдар берілді.
    Жекелеген медициналық жабдықтардың пайдаланылмау фактілері анықталды, бұл кейіннен кемшілікке әкеп соқтырды, сондай-ақ оларды пайдалану шараларын қабылдау бойынша ұсынымдар берілді.
    кемшілік – 1 бірлік, рәсімдік сипаттағы бұзушылық – 1 бірлік.
    Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен аудиторлық қорытынды бекітіліп, аудит объектісіне Қазақстан Республикасының нормативтік актілерін бұзушылықтар мен кемшіліктерді және оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсынымдар жолданды.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы" жаңалықтары