
2026 жылғы 9 қыркүйекте Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында Павлодар қаласының бюджеттік процесіне қатысушылардың жергілікті бюджет қаражатын жоспарлауы мен пайдалануына және мемлекет активтерін пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды.
Мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі Н.А. Түйебаев баяндама жасады.
Мемлекеттік аудитпен 10 объект қамтылды.
Анықталған заңнама нормаларын бұзушылықтардың жалпы сомасы – 7 469 056,61 мың теңге, оның ішінде:
- қаржылық бұзушылықтар – 667 530,41 мың теңге;
- тиімсіз жоспарлау – 6 236 638,2 мың теңге;
- тиімсіз пайдалану – 564 888,0 мың теңге.
Қаржылық бұзушылықтардың ішінде:
- бюджетке 554 123,5 мың теңге өтеуге;
- 113 406,9 мың теңге қалпына келтіруге жатады.
Сонымен қатар, рәсімдік сипаттағы 72 бұзушылық пен кемшілік анықталды.
Аудит барысында 1 885,8 мың теңге өтелді, 109 103,8 мың теңге қалпына келтірілді, бұл қаржылық бұзушылықтар сомасының 16,4%-дан астамын құрайды.
Өтеуге жататын сомалардың қалдығы 552 237,7 мың теңгені, қалпына келтіруге жататын сомалар 4 303,1 мың теңгені құрайды.
Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен аудиторлық қорытынды бекітіліп, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және оларға ықпал ететін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалар жолданды.





