ТҰРМЫСТЫҚ ГАЗ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА!

    Қазалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен «ҚазТрансГаз Аймақ» қызметкерлері бірлесіп, тұрғындар арасында тұрмыстық газ баллондарын қауіпсіз пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
    Іс-шара барысында тұрғындарға газ баллондарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау, баллондарды дұрыс орналастыру, газдың шығуын дер кезінде анықтау және өрт пен жарылыстың алдын алу шаралары түсіндірілді.
    Сонымен қатар, газдың иісі сезілген жағдайда электр құрылғыларын қоспау, ашық отты пайдаланбау, терезелерді ашып, үй-жайдан шығу және тиісті қызметтерге хабарлау қажеттігі ескертілді.
    Қауіпсіздік ережелерін сақтау — әр азаматтың міндеті! Өз өміріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамаңыз!
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысы Қазалы ауданы Тасарық ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары