БЕРЕКЕЛІ ОТБАСЫ - ЕЛДІҢ БЕРІК ТІРЕГІ

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    БЕРЕКЕЛІ ОТБАСЫ - ЕЛДІҢ БЕРІК ТІРЕГІ
    15 қыркүйек – Отбасы күніне орай «Мерейлі отбасы – 2026» аудандық ұлттық байқауынан І орын алып, облыстық кезеңде «Берекелі отбасы» номинациясын иеленген ауыл ақсақалы, тыл ардагері Шахмаранов Әмірбек атамыздың отбасына арнайы барып, «Сұхбат Time» бағыты бойынша тағылымды сұхбат жүргіздік.
    Сұхбат барысында отбасының ұйытқысы болған Әмірбек атамыздың өмір жолы, отбасы құндылықтары, ұрпақ тәрбиесі, үлкенге құрмет, кішіге ізет, шаңырақтың берекесі мен бірлігі жайында әңгіме өрбіді.
    Әмірбек атамыз өз әңгімесінде отбасының берекесі ең алдымен ауызбіршілік пен өзара сыйластықтан басталатынын айтып, өмірден түйген тағылымды ойларымен бөлісті. Ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән беріп, кейінгі буынға ақыл-кеңесін жеткізді. Өнегелі әулеттің өмір жолы мен отбасылық тәрбиесі жас ұрпаққа үлгі боларлықтай.
    Шахмарановтар отбасы – үлкенді ардақтап, кішіні ізеттеуді, өзара сыйластық пен татулықты берік ұстанған өнегелі шаңырақ. Осындай берекелі отбасылардың өмір жолын насихаттау – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, кейінгі ұрпаққа тағылымды тәрбие берудің маңызды жолы.
    Тағылымды сұхбат соңында Тасарық ауылдық клубының ұжымы Шахмарановтар отбасына Отбасы мерекесіне орай шағын сый-сияпаттарын табыстап, ізгі тілектерін білдірді.
    Осы орайда Шахмарановтар отбасын «Мерейлі отбасы – 2026» аудандық ұлттық байқауынан І орын иеленіп, облыстық кезеңде «Берекелі отбасы» номинациясына лайықты болған жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
    Сондай-ақ барша отбасы мүшелерін Отбасы күнімен құттықтап, шаңырақтарына амандық, зор денсаулық, береке-бірлік, молшылық тілейміз. Әулеттеріңіз абыройға бөленіп, ұрпақтарыңыздың қызығын көріп, әрдайым осындай өнегелі де мерейлі отбасы болып, елге үлгі бола беріңіздер!
    Берекелі шаңырақтарыңыздан күлкі кетпей, ынтымақтарыңыз арта берсін! Отбасыларыңызға бақ-береке, ұзақ ғұмыр және баянды бақыт тілейміз!
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары