2026 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасының күніне орай Жамбыл ауданында ұлттық спорт түрі — жілік жарудан ашық аудандық турнир өткізілді.
Аталған жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартысты әрі қызықты бәсекеге толы болды. Турнирге Солтүстік Қазақстан облысының әртүрлі аудандарынан және көршілес облыстардан келген спортшылар қатысып, өздерінің шеберліктері мен күш-жігерлерін көрсетті.
Жарыс қатысушылары екі жас санаты бойынша бақ сынады:
50 жасқа дейінгі спортшылар;
50 жастан асқан спортшылар.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен және грамоталармен марапатталды. Ал чемпиондарға жілік жару сайысының арнайы белдіктері табысталды.
Осындай ұлттық спорттық іс-шаралар халқымыздың салт-дәстүрін дәріптеуге, ұлттық құндылықтарды сақтауға және жілік жару өнерін кеңінен насихаттауға зор үлес қосады.
Турнирге қатысқан барлық спортшыларға алғыс білдіреміз! Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз!







