Ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық спартакиада «Қызылжар-2026»

    Ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық спартакиада «Қызылжар-2026»

    23–27 маусым аралығында Есіл ауданында, Явленка ауылында ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық спартакиада өтті. Бұл айтулы дода өңірдің ең мықты спортшыларын жинап, күш пен ептіліктің, бірліктің нағыз мерекесіне айналды.

    👥 Жамбыл ауданының командасы жарыста лайықты өнер көрсетіп, табандылық пен спорттық рухты танытты. Жарыс қорытындысы бойынша біздің аудан 7-орынға ие болды.

    🥇 Ең бастысы — бізде осы жарыстың чемпиондары мен жүлдегерлері бар. Олар еңбекқорлық пен табандылықтың арқасында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, ауданымыздың мақтанышына айналды.

    ✨ Спортшыларымызға лайықты өнер көрсеткендері үшін алғыс айтамыз және алдағы уақытта да үлкен жетістіктер тілейміз! Алда әлі талай жеңістер мен жарқын спорттық сәттер күтіп тұр.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ" жаңалықтары