1 / 5
Қарақұдық ауылында тұрғындардың қаржылық және интернет алаяқтықтан сақтануы мақсатында «Алаяқтар жас талғамайды» тақырыбында танымдық сағат өтті.
Шара барысында ауыл учаскелік полиция инспекторы тұрғындарға алаяқтықтың кең таралған түрлері, күмәнді қоңыраулар мен хабарламалардан сақтану жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Тұрғындарға жеке мәліметтерді, банк картасының деректерін және SMS арқылы келетін кодтарды бөгде адамдарға бермеу керектігі ескертілді.









