- Медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындыларына шағымдану тәртібі. Егер азамат мүгедектік тобына, оның мерзімі мен себебіне, сондай-ақ еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесіне қатысты қабылданған шешіммен келіспесе, сараптамалық қорытындыны қайта қарау туралы өтініш беруге құқылы. Бұл құқықты оның заңды өкілі де пайдалана алады.
Ол үшін сараптамалық қорытынды алынған күннен бастап үш айдан кешіктірмей Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаментіне шағым беру қажет. Шағымды қағаз түрінде немесе e-Otinish платформасы арқылы электрондық форматта жолдауға болады.
Қорытындыны қайта қарау тәртібі бастапқы куәландырудың қалай жүргізілгеніне байланысты. Егер азамат тікелей жүргізілген сараптама нәтижесіне шағымданса, оны МӘС әдіснама және бақылау бөлімі қайта қарауы үшін өтініш беруі қажет.
- Шағым бойынша куәландыру қалай жүргізіледі?
Мүгедектігі бар адамнан өтініш келіп түскеннен кейін комиссиядан өту нысанына қарай (көзбе-көз немесе сырттай-проактив форматта) шағымдану бойынша куәландыру жүргізіледі.
Көзбе-көз форматта шағымдануды аумақтық әдіснама және медициналық-әлеуметтік сараптаманы бақылау бөлімі жүргізеді.
Сырттай-проактивті шағым беру кезінде көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тұратын аймағынан тыс жерде экстерриториялық әдіснама және бақылау бөлімі жүргізеді.
- Шағымның қаралуы
Шағымды қарау кезінде тиісті бөлімге МӘС актісі келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сараптамалық қорытынды шығарылады. Бұл мерзім құжаттарға сараптамалық баға беру кезеңіне қатысты. Ал ҚР Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің 99 бабына сәйкес, заңнамада жекелеген жағдайлар үшін өзге мерзімдер белгіленуі мүмкін.Мұндай жағдайда шағым 20 жұмыс күнінде қаралатын болады. Нәтижесінде бұрын шығарылған сараптамалық қорытынды өзгертілуі немесе өзгеріссіз қалдырылуы ықтимал. Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда азамат заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануды жалғастыруға құқылы.









