Астанада оқушылар мен колледж студенттері арасында STEM-олимпиада өтеді

    Елордада Haileybury Astana мектебінің базасында 8-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері арасында «STEM-олимпиада – мектеп оқушыларына арналған инженерлік-технологиялық жарыс» халықаралық олимпиадасының қалалық кезеңі өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

    Сайыс Астана қаласының әкімдігі, «Astana Innovations», Астана қаласының Білім басқармасы, «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы, сондай-ақ «STEM Academia» ЖШС қолдауымен ұйымдастырылуда.

    Олимпиаданың басты мақсаты – жастардың инженерия, бағдарламалау, 3D модельдеу және робототехника саласындағы білімі мен практикалық дағдыларын дамыту, талантты оқушыларды анықтау және қолдау.

    Халықаралық олимпиаданың қалалық кезеңі 31 қазан күні сағат 08:00-19:00 аралығында өтеді.
    Айта кетейік, қалалық кезеңге қатысу үшін командалар 2026 жылғы 22 қазан сағат 18:00-ге дейін арнайы Google Forms сілтемесі арқылы тіркеліп, «Резеңкелі» катапульта жобалау бойынша №1 қосымшада берілген үй тапсырмасын орындаулары қажет болатын.

    Олимпиада күні қатысушыларға инженерлік іс, 3D модельдеу, бағдарламалау және робототехника бағыттары бойынша ортақ тапсырмалар беріледі. Тапсырмаларды орындау кезінде академиялық ережелері мен техникалық қауіпсіздік талаптары қатаң сақталуы тиіс.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары