Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңес отырысында өңірдің көлік инфрақұрылымы мен қауіпсіздік мәселелері қаралды

    1 / 8

    2026 жылғы 29 қазан күні Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында өңірдің көлік-логистика саласын дамыту, автомобиль жолдарының жағдайы, қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру және төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері қаралды.

    Отырыс барысында көлік және жол инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндалды.

    Қазіргі таңда облыста қоғамдық көлік қызметін 14 тасымалдаушы ұйым 80 бағыт бойынша 399 автобуспен жүзеге асырады. Автобус паркінің жаңару деңгейі 94 пайызды құрайды. Биыл қоғамдық көлік паркін жаңарту мақсатында 23 жаңа автобус сатып алынды. Сонымен қатар, 2027 жылы тағы 66 автобус алу жоспарланып отыр.

    Жол инфрақұрылымын дамыту бағытында да бірқатар жоба іске асырылуда. Атап айтқанда, «Бейнеу – Сексеуіл», «Жаңаөзен – Кендірлі – Түрікменстан шекарасы» және «Ақтау – Форт-Шевченко» автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалар өңірдегі көлік қатынасын жақсартуға, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және транзиттік әлеуетті дамытуға бағытталған.

    Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес отырысында Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар саласындағы жұмыстары да қаралды. Азаматтық қорғау жүйесінің қызметі, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, су айдындарындағы қауіпсіздік, төтенше жағдайлардың алдын алу және құтқару бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мәселелері бойынша ақпарат берілді.

    Жыл басынан бері облыс аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу бағытында бірқатар шара жүзеге асырылған. Сонымен қатар, өрт сөндіру бөлімдерінің инфрақұрылымын жақсарту және жаңа өрт сөндіру деполарын салу бойынша жұмыстар жоспарланған.

    Жиын барысында өңірдің инфрақұрылымын дамыту, тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы міндеттерге назар аударылды.

    Қоғамдық кеңес мүшелері өңірдің өзекті мәселелерін талқылап, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бастамалардың жүйелі түрде жүзеге асырылуына назар аударды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" жаңалықтары