Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты

    Мәслихат туралы

    Құрметті сайтты пайдаланушылар!

    Маңғыстау облыстық мәслихатының ресми сайтына қош келдіңіздер!

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.

    Мәслихат өз құзыреті шегінде тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекітеді, олардың орындалуын бақылайды, өздерiнің қарауына жатқызылған жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешеді, Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі.

    Мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттары мен төрағасы арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.

    Сессиялардың қарауына енгізілетін мәселелерді алдын ала қарау, мәслихат шешімдерін іске асыруға жәрдемдесу және бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін мәслихатта 4 тұрақты комиссия құрылған:

    - Экономика және бюджет мәселелері жөніндегі;

    - Әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі;

    - Өнеркәсіп, құрылыс, инвестициялар және туризмды дамыту мәселелері жөніндегі;

    - Кәсіпкерлік, аграрлық сала, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі.

    Мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны мәслихат сессиясы болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешiледi.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Жоспар

    Кәсіпкерлік, аграрлық сала, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспары

    Жарияланды:
    Жоспар

    Өнеркәсіп, құрылыс, инвестициялар және туризмды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспары

    Жарияланды:
    Жоспар

    Маңғыстау облыстық мәслихатының Экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2026 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

    Жарияланды:
    Жоспар

    Облыстық мәслихаттың Әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2026 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

    Жарияланды:
    Шешім

    Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 13 желтоқсандағы №15/180 "Маңғыстау облысындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемерді қабылдау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Жарияланды:
    Шешім

    Облыстық мәслихатының 2019 жылғы 22 ақпандағы №24/303 "Маңғыстау облысының жер комиссиясы құрамы туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Жарияланды: