Өскеменде Тарбағатай ауданының мәдени күндері өтеді

    2026 жылғы қазан айының 30-31 күндері Өскемен қаласында облыстық «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Тарбағатай ауданының мәдени күндері өтеді.

    Іс-шара бағдарламасына сәйкес, 30 қазан күні сағат 9.00 Өскемен қаласындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен облыстық турнир ұйымдастырылады.

    30 қазан күні сағат 14.00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының 2-қабатында «Менің Қазақстаным-менің мақтанышым» атты оқушылар мен студенттер арасындағы сурет салу сайысы өтеді.

    30 қазан күні сағат 15.00-18.00 аралығында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының кіреберіс залында «Тарбағатай: тамыры- тарихта, тұғыры –бүгін, бағыты –болашақта» атты көрмесі келушілерді қарсы алады.

    Кешкі сағат 18.00-де осы Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының Үлкен залында Тарбағатай ауданы өнер шеберлерінің Гала концерті болады.

    31 қазан күні сағат 07.00 ден бастап «Алтай» КБО аумағында Тарбағатай ауданы азық-түлік және мал өнімдерінің жәрмеңкесі, сағат 9.00 де арнайы осы аумақтағы сахнада ұлттық спорттық ойындары мен шағын концерті өтеді.

    31 қазан күні сағат 9.00-де Д.Серікбаев атындағы техникалық университеттің спорт залында волейболдан «Тарбағатай лигасы» өтеді.

    Ал сағат 14.00 де «Maxi mall» сауда ойын-сауық орталығында Тарбағатай ауданы өнерпаздарының «ТАРБАҒАТАЙ -ЗАМАН ҮНІ» этностилдегі музыкалық драйв –концерті болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары