Ұлттық ұлан әскери қызметшілері отандық "Барыс 6х6" броньды техникасын меңгеріп жатыр

    1 / 2

    Алатау қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6654 әскери бөлімінің базасында отандық "Барыс 6х6" броньды дөңгелекті техникасын пайдалану бойынша оқу курсы өтіп жатыр.

    Оған Алматы, Түркістан және Қостанай қалаларындағы әскери бөлімдерден, сондай-ақ Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясынан келген механик-жүргізушілер мен көздеуші-операторлар қатысып жатыр.

    Полигонда механик-жүргізушілер броньды машинаны күрделі жер бедері мен жолсыз жерлерде басқару дағдыларын жетілдіруде. Практикалық сабақтар барысында олар маневр жасау, қозғалыс бағытын дұрыс таңдау және кедір-бұдырлы жолдардан өту тәсілдерін пысықтайды. Ал көздеуші-операторлар машинаның құрылымын, орнатылған жабдықтардың мақсатын және борттық жүйелерді пайдалану ерекшеліктерін зерделеуде. Бұл дайындық әскери қызметшілерге жаңа техникамен жұмыс істеу үшін қажетті білім алуға мүмкіндік береді.

    "Барыс 6х6" – күрделі жер бедерінде жоғары өтімділігімен ерекшеленетін отандық броньды машина. Ол 11 адамға дейін тасымалдауға арналған және −50-ден +50 °C-қа дейінгі температура жағдайында пайдалануға бейімделген.

    Курс аяқталған соң әскери қызметшілерге броньды машинаны игеру бойынша даярлықтан өткенін растайтын сертификаттар табысталады. Қараша айының басында "Батыс" өңірлік қолбасшылығында да осындай оқу жиынын өткізу жоспарда бар.

    Экипаждарды даярлау ұландықтардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге және олардың қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындауға әзірлігін арттыруға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары