1 / 3
Тараз қаласындағы «Мұнай сақтау базасында» өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.
Оқу-жаттығу сценарийі бойынша № 2 резервуарға жанармай құю жұмыстары аяқталғаннан кейін техникалық тексеру кезінде статикалық электр разряды салдарынан бу-ауа қоспасы тұтанып, өрт шықты. Шартты өрт резервуардың жоғарғы бөлігін қамтып, бір қызметкер зардап шекті.
Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел жетіп, өртті сөндіру және адамдарды қауіпсіз жерге эвакуациялау жұмыстарын жүргізді.
Оқу-жаттығудың мақсаты – өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жедел әрекет ету дайындығын, нысан қызметкерлерінің іс-қимылдарын және төтенше жағдай кезіндегі өзара іс-қимылды пысықтау.
Жамбыл облысы ТЖД









