Бүгін Жамбыл облысы ТЖД қызметкерлерітікелей эфирде Қазақстан Республикасының Президенті - Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауын тыңдады.
Жолдауды көруге Жамбыл облысы ТЖД-ның бүкіл гарнизоны қатысты. Өңірдің барлық бөлімшелерінің қызметкерлері Мемлекет басшысының сөз сөйлеуін тыңдап, Қазақстанның алдағы даму бағыттары мен басым міндеттерімен танысты.
ТЖД жеке құрамы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын қолдайтынын білдіріп, алға қойылған міндеттерді іске асырудың және елигілігі жолында еңбек етудің маңыздылығын атап өтті.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері алдағы уақытта да өздеріне жүктелген міндеттерді адал атқарып, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы жұмыстарын жалғастырады.
Жамбыл облысы ТЖД









