Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінде жалпыұлттық бірлікті нығайту, патриоттық рухты арттыру және мемлекеттік рәміздерге деген құрметті қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеру рәсімі өтті.
Салтанатты іс-шара барысында Мемлекеттік тудың ел тәуелсіздігінің, бірлігі мен тұтастығының нышаны ретіндегі маңызы атап өтілді.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері үшін Отанға адал қызмет ету, елдің тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігінқамтамасыз ету - басты міндеттердің бірі.
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - патриотизмнің және ел алдындағы жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің отансүйгіштік рухын нығайтуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және қоғамдағы жалпыұлттық бірлікті сақтауға ықпал етеді.
Жамбыл облысы ТЖД








