1 / 3
Жамбыл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындары арасында жылыту маусымында улы газдан уланудың алдын алу бойынша үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында тұрғындарға жылыту құрылғылары мен пештерді пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді. Мамандар пештерді пайдаланған кезде бөлмені дұрыс желдетудің, түтін жолдары мен желдету жүйелерін таза ұстаудың және үй-жайларды тұрақты түрде желдетудің маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар тұрғындарға улы газдан уланудың алғашқы белгілері — бас ауруы, жүрек айнуы және әлсіздік пайда болған жағдайда дереу таза ауаға шығу және медициналық көмекке жүгіну қажеттігі ескертілді.
Жамбыл облысы ТЖД








