Бүгін аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Руханият» орталығында аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлының қатысуымен Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне орай салтанатты қабылдау өтті.
Іс-шараның мақсаты – халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту және отбасыларды қолдау бағытында еңбек етіп жүрген сала мамандарына құрмет көрсету, олардың кәсіби қызметіне алғыс білдіру.
Салтанатты шара барысында аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы әлеуметтік сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың қоғамдағы маңызды рөліне тоқталды. Сондай-ақ, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға көмек көрсету, халықтың әл-ауқатын арттыру және отбасыларды қолдау жолындағы еңбектеріне ризашылығын білдірді.
Бүгінде Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 31 маман, Қармақшы ауданы және Байқоңыр қаласы бойынша «Мансап орталығы» филиалында 28 маман, «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 72 маман еңбек етіп, тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсету бағытында қызмет атқаруда.
Шара аясында әлеуметтік салада жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкер облыс және аудан әкімдерінің атынан марапатталып, олардың еңбегі лайықты бағаланды.
Әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбегі – адамға қамқорлық пен жанашырлықтың, жауапкершілік пен адамгершіліктің айқын үлгісі.









