Жаңалық

    1 / 6
    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАМАНАУИ КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
    🔰 Кәсіпкерлер күні мерекесінде Түркістан облысында заманауи көрме орталығының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нұралхан Көшеров, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков, аудан ақсақалдары мен еліміздің өзге өңірлерінен келген қонақтар қатысты.
    🔰 Жаңа нысан Түркістан қаласына іргелес Сауран ауданындағы өндірістік паркте орналасқан. Екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы – 4428 шаршы метр. Оның 2 592 шаршы метрі көрме залына, ал 1 836 шаршы метрі әкімшілік-тұрмыстық кешенге арналған.
    🔰 Орталықта көрме залымен қатар, кеңсе бөлмелері, конференц-зал, лобби, кофехана, асхана және басқа да қажетті бөлмелер қарастырылған. Сонымен қатар ғимаратта ауданы 358,5 шаршы метр болатын үлкен LED-экран орнатылған.
    🔰 Мұнда халықаралық деңгейдегі көрмелер мен жәрмеңкелер, іс-шаралар өткізуге барлық жағдай жасалған. Жаңа ғимарат ашыла сала «Түркістанда жасалған» тауарлар көрмесі мен Кәсіпкерлер күніне арналған республикалық деңгейдегі форум өтті.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы" жаңалықтары