Облыстық семинар

    1 / 3

    Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, «Көкжөтел, қызылша, полиомиелит аурушаңдығы тіркелген кезде эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өткізді.

    Семинарға алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының емдеу-профилактикалық жұмысқа жетекшілік ететін бас дәрігерлерінің орынбасарлары, инфекционист дәрігерлер, неврологтар, алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының госпитальдық эпидемиологтары, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау аумақтық басқармаларының мамандары қатысты.

    Семинар барысында әлемдегі, Қазақстан Республикасындағы және Павлодар облысындағы вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша өзекті эпидемиологиялық жағдай қаралды. Көкжөтел, қызылша және полиомиелит ауруларының клиникасы, диагностикасы, емі мен профилактикасына қатысты заманауи тәсілдер баяндалды.

    Вакцинамен басқарылатын инфекция жағдайлары тіркелген кезде эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарға ерекше назар аударылды. Қатысушыларға науқастар анықталған кездегі іс-қимыл алгоритмдері, сондай-ақ инфекцияны уақтылы анықтау және оның таралуына жол бермеу мақсатында полиомиелитке күдікті барлық ауру жағдайларына эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру тәртібі түсіндірілді.

    Семинар қорытындысы бойынша алдағы жұмыстың басым бағыттары айқындалып, эпидемиологиялық қадағалауды жетілдіруге және вакцинамен басқарылатын инфекциялардың таралуын болдырмауға бағытталған профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары