Мемлекеттік еңбек инспекторы Жулдыз Отиншина «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы — Г.О. Омаров атындағы шахта құрылысы трестінің «Нұрқазған» кенішінің жұмысшыларымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуы, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін сақтау мәселелері қаралды.
Өндірістік жұмыстарды орындау кезіндегі қауіпсіздік талаптарына, өндірістік жарақаттанудың алдын алуға және жұмыс орындарында еңбекті қорғау қағидаларын қатаң сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шараларды өткізу жұмыскерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, еңбек заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға және кәсіпорында қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыруға бағытталған.
https://www.instagram.com/reel/DfExMCvx2r8/?utm_source=ig_web_copy_link&srtk=MWQ1ZGUxMzBkMA==









