СУ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КӨЗДЕРІНІҢ САНИТАРИЯЛЫҚ ҚОРҒАУ АЙМАҒЫ

    Санитариялық қорғау аймағы — су көзін, су құбыры құрылыстарын және қоршаған аумақты ластанудан қорғау мақсатында белгіленген режим сақталуға тиіс, су көзі айналасындағы арнайы бөлінген аумақ (бұдан әрі – СҚА).
    📍 СҚА үш белдеуден тұрады:
    1️⃣ 1-белдеу (қатаң режим): Су жинау орны мен су құбыры құрылыстарының аумағы. Құрылыстарды тікелей ластанудан және бүлінуден қорғайды.
    2️⃣ 2- және 3-белдеулер (шектеулер): Шаруашылық-ауызсу мақсатындағы сумен жабдықтау көздерінің суын микробиологиялық және химиялық ластанудан қорғауға арналған аумақ.
    🚫 СҚА шекарасында НЕГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ?
    1. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға және жер қойнауын игеруге, пайдаланылған суларды жер асты қабаттарына айдауға;
    2. Зираттарды, мал қорымдарын, ассенизация алаңдарын, сүзу алаңдарын, көң сақтау орындарын, мал шаруашылығы және құс шаруашылығы субъектілерінің сарқынды суларға арналған траншеяларын, мал сою пункттерін, мал сою алаңдарын және жер асты суларының микробиологиялық әрі химиялық ластану қаупін тудыратын осыған ұқсас объектілерді орналастыруға;
    3. Тыңайтқыштар мен улы химикаттарды қолдануға және оларды сақтайтын қоймаларды орналастыруға;
    4. Жанар-жағармай материалдарының қоймаларын, шаруашылық-тұрмыстық және өнеркәсіптік сарқынды суларды жинақтау орындарын, шлам қоймаларын, құрылыс материалдарының (қиыршық тас, ұсақталған тас қалдықтары және басқа да құрылыс материалдары) қоймаларын, сондай-ақ жер асты суларының микробиологиялық және химиялық ластану қаупін тудыратын өндірістік объектілерді орналастыруға.
    🏛️ Мемлекеттік көрсетілетін қызметті қалай алуға болады?
    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 бұйрығымен бекітілген «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының (бұдан әрі – № 26 СҚ) 6-параграфының 79-тармағына сәйкес, жерүсті және жерасты су көздерінен шаруашылық-ауызсу қажеттіліктеріне су беретін су көздері мен су құбыры құрылыстарының айналасында санитариялық қорғау аймақтары көзделеді.
    СҚА жобасы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес келісіледі.
    📱 Өтінім беру тәртібі:
    Жобаның электрондық көшірмесі мына порталдар арқылы беріледі:
    🌐 www.egov.kz
    🌐 www.elicense.kz

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары