Будапешт, 2026 жылғы 28 қазан – Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Анель Бақытбекқызы Мажарстан Қаржы министрлігінің экономикалық саясат және халықаралық қаржы қатынастары жөніндегі Мемлекеттік хатшысының орынбасары Даниэль Принцпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың перспективаларын талқылап, қаржы және банк секторларындағы өзара іс-қимылды дамытуға ерекше назар аударды.
Қаржы саласындағы өзара іс-қимыл кездесудің негізгі тақырыптарының бірі болды. Осы орайда Қазақстан тарапының мажарстандық қаржы институттарымен ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі екені атап өтілді. Сондай-ақ екі елдің қаржы министрліктері, коммерциялық банктері және ұлттық даму институттары арасында тікелей байланыстарды дамыту маңызды екені айтылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сапарлар мен бірлескен іс-шаралар аясындағы ынтымақтастықты жандандыруға уағдаласты. Қазақстан тарапы мажарстандық банктердің Қазақстандағы қызметін дамытуға деген қызығушылығын оң бағалап, осы бағыттағы өзара іс-қимылды кеңейтуге дайын екенін білдірді.
Кездесу Қазақстан мен Мажарстанның әріптестікті одан әрі дамытуға және қаржы саласындағы практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделі екенін растады.








