Қазақстан Елшісі Мажарстан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

    Қазақстан Елшісі Мажарстан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

    Будапешт, 2026 жылғы 30 қыркүйек - «Шандор» президент сарайында Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Анель Бақытбекқызының Мажарстан Республика Президенті Андраш Балинт Бакаға сенім грамоталарын тапсыру салтанатты рәсімі өтті.

    Рәсім аяқталғаннан кейін екіжақты кездесу өтіп, оның барысында Елші Мажарстан Республика Президентіне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.

    Әңгімелесу барысында Қазақстан-Мажарстан ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелері қарастырылды. Тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға, белсенді саяси диалогты жалғастыруға, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге өзара мүдделілігін растады.

    Қазақстан мен Мажарстан арасындағы қарым-қатынастар дәстүрлі достық байланыстар мен екі халықтың тарихи жақындығына негізделетіні атап өтілді. Тараптар стратегиялық әріптестікті нақты бірлескен жобалар мен бастамалармен одан әрі толықтырудың маңыздылығын атап өтті.

    Жаңа өзара тиімді жобаларды іске асыруға, сондай-ақ жоғары және аса жоғары деңгейлердегі алдағы екіжақты сапарларды дайындау перспективаларына ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда 2027 жылы Қазақстан мен Мажарстан арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35 жыл толуына байланысты бірлескен іс-шаралар мен бастамаларды жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді.

    Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы қатынастарды дамыту, сондай-ақ «Орталық Азия - Еуропалық одақ» форматындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасылды. Орталық Азия мен Еуропа арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-логистикалық байланыстарды одан әрі нығайтудағы Қазақстан мен Мажарстанның әлеуетті рөлі атап өтілді.

    Елші Мажарстан Қазақстанның Еуропалық одақтағы жақын әрі сенімді стратегиялық әріптестерінің бірі екенін атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықты, оның ішінде экономикалық, мәдени-гуманитарлық, білім беру салаларында және халықтық дипломатия желісі бойынша одан әрі кеңейтуге жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.

    Кездесу барысында Елші сондай-ақ Мажарстан Республика Президентін 2026 жылы Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан институционалдық өзгерістер туралы, оның ішінде жаңа Конституцияның күшіне енуі, «Қазақстан Халық Кеңесінің» құрылуы, Вице-президент лауазымының енгізілуі, сондай-ақ 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өткені жөнінде хабардар етті.

    Андраш Балинт Бака Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ізгі тілектерін жеткізіп, Қазақстан-Мажарстан қатынастарының стратегиялық сипатын атап өтті және Қазақстанның Мажарстанның Орталық Азиядағы сенімді әріптесі ретіндегі маңызын ерекше атап көрсетті.

    Мажарстан Республика Президенті Анель Бақытбекқызын дипломатиялық миссиясының ресми басталуымен құттықтап, екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын ашуға бағытталған қызметіне табыс тіледі.

    Рәсімнен кейін өткен кездесулер аясында Елші Мажарстан Сыртқы істер министрлігінің екіжақты қатынастар жөніндегі мемлекеттік хатшысы Клара Бреуермен және Мажарстан Президенті Кеңсесінің Қоғамдық және халықаралық байланыстар дирекциясының басшысы Дьердь Керекешпен де сұхбаттасты. Тараптар Қазақстан-Мажарстан қатынастарының қазіргі жай-күйі жөнінде пікір алмасып, екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады.

    Кездесу соңында Елші Мажарстан Республика Президентіне жылы қабылдауы және мазмұнды пікір алмасуы үшін алғыс білдіріп, Қазақстан-Мажарстан стратегиялық әріптестігін одан әрі нығайтуға және екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге бар күш-жігерін жұмсауға дайын екенін растады.

    Сенім грамоталарын тапсыру рәсімі мен екіжақты кездесуден кейін Елші «Шандор» сарайындағы Мажарстан Президенті Кеңсесінің Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігі" жаңалықтары