Шымкент тұрғындары мен қала қонақтарының назарына!
29 қазан күні сағат 11:00-де Шымкент қаласы, Металлистер өткелі, 1«Б» мекенжайында орналасқан қалалық №1 клиникалық ауруханада өрт-тактикалық жаттығу өтеді.
Жаттығу барысында адамдар көп жиналатын нысандағы шартты өртті сөндіру, адамдарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялау, сондай-ақ, өрт сөндіру бөлімшелері, нысан қызметкерлері мен қалалық қызметтердің өзара іс-қимылы пысықталады.
Оқу-жаттығу жоспарлы түрде өткізілетініне байланысты өрт сөндіру техникасы мен арнайы қызмет көліктерінің қозғалысына алаңдамауды, үрейленбей, сабырлық сақтауды және тек ресми деректерге сүйенуді сұраймыз.








