ШЫМКЕНТТЕ ЕКІ РЕТ ЕГІЗ БОСАНҒАН АНА ДҮНИЕГЕ ҮШЕМ ӘКЕЛДІ

    1 / 3

    Шымкент қалалық перинаталдық орталығында көп балалы ана үшемді дүниеге әкелді. Бір қызығы, ол бұған дейін екі рет егіз босанған. Үшемнің дүниеге келуімен отбасындағы бала саны онға жетті.

    Үшем 17 қыркүйекте кесар тілігі арқылы дүниеге келген. Сәбилердің екеуі – қыз, біреуі – ұл. Туған кездегі салмақтары тиісінше 1740, 1482 және 1730 грамм болды. Ата-анасы нәрестелерге Альсия, Сафия және Аймұхаммед есімдерін берген.

    Мерзімінен бұрын туған сәбилер алғашқы күндерінен бастап жаңа туған нәрестелердің жансақтау бөлімінде ем қабылдады. Кейін арнайы күтім бөліміне ауыстырылып, дәрігерлердің тұрақты бақылауында болды.

    Уақтылы көрсетілген медициналық көмектің нәтижесінде сәбилердің жағдайы жақсарып, салмақтары біртіндеп артты. Қазіргі уақытта үшемнің жағдайы қанағаттанарлық. Салмақтары екі келіден асып, медициналық көрсеткіштерге сәйкес үйіне шығарылуға дайындалып жатыр.

    Үшемдердің дүниеге келуіне және күтіміне Дәулет Сатов бастаған дәрігерлер командасында бөлім меңгерушісі Сандуғаш Нуранова және Р.Мадусманов, Ақзат Шолпанқұлова, Перизат Шарипова, Камшат Әмірбекова, Айгүл Симағамбетова есімді мамандар болды.

    Айта кетейік, он баланың анасы – үй шаруасымен айналысады, ал әкесі – жеке кәсіпкер.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының әкімдігі" жаңалықтары