ХРОМТАУДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ЖИЫН ӨТТІ

    1 / 21

    Хромтау аудандық мәдениет орталығында Республика күніне орай «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аясында ұйымдастырылды.

    Шара Мемлекеттік Әнұранмен ашылды. Аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов жиналған қауымды мерекемен құттықтап, ауданның дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға алғыс хаттар табыстады. Сондай-ақ бірқатар азамат облыс әкімінің орынбасарының алғыс хатымен марапатталды.

    Мереке аясында 18 отбасыға жаңа пәтерлердің кілттері табысталды.

    Мерекелік шара аудандық мәдениет орталығы өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Хромтау ауданы әкімдігі" жаңалықтары