ХРОМТАУДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ

    1 / 7

    Хромтау қаласындағы Ту тұғыры алаңында Республика күніне орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті.

    Патриоттық шараға Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тлеумұратов, ардагерлер, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының өкілдері, жастар мен аудан тұрғындары қатысты.

    Салтанатты жиында аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов жиналған қауымды мерекемен құттықтап, Республика күнінің тарихи маңызы мен ел тәуелсіздігінің қадір-қасиетіне тоқталды.

    «25 қазан – еліміздің егемендік жолындағы маңызды белестердің бірі. Мемлекеттік туымызды биікке көтеру – Отанға деген сүйіспеншілігіміздің, ел бірлігі мен тәуелсіздігімізге деген құрметіміздің белгісі. Көк туымыз әрдайым бейбіт аспан астында желбіреп, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» – деді аудан әкімі.

    Шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, көк байрағымыз көкке көтерілді. Мемлекеттік туымыздың көкке көтерілуі – ел тәуелсіздігі мен бірлігінің символы.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Хромтау ауданы әкімдігі" жаңалықтары