ХРОМТАУДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

    1 / 19

    Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тлеумұратов төтенше жағдайлар қызметкерлері мен сала ардагерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

    Мерекеге орай аудан әкімі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында абыройлы қызмет атқарып жүрген мамандарға және сала ардагеріне ізгі тілегін білдіріп, еңбектеріне алғыс айтты.

    Салтанатты шара барысында аудан басшысы өз атынан бірқатар қызметкерге Алғыс хаттар табыстап, Хромтау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін медальмен марапаттады.

    Төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері күнделікті қызмет барысында адам өмірі мен қауіпсіздігін қорғауға, төтенше жағдайлардың алдын алуға және олардың салдарын жоюға зор үлес қосып келеді. Олардың кәсібилігі, жауапкершілігі мен адалдығы – қоғам қауіпсіздігінің маңызды кепілі.

    Аудан әкімі сала мамандарына жауапты қызметтеріне табыс, отбасыларына амандық және еңбектеріне толағай жетістіктер тіледі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Хромтау ауданы әкімдігі" жаңалықтары