Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы полковнигі Қ. Оразалиннің бұйрығымен Хромтау ауданы №20 өрт сөндіру бөлімінің бастығы лауазымына азаматтық қорғау капитаны Суликов Саят Қуанышбекұлы тағайындалды.

    Суликов Саят Қуанышбекұлы 1992 жылғы 16 сәуірде Әйтеке би ауданында дүниеге келген. Азаматтық қорғау органдарындағы қызметін 2014 жылғы мамыр айында бастаған.

    Осы тағайындауға дейін Ақтөбе қаласындағы №4 өрт сөндіру бөлімінің бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

    Саят Қуанышбекұлына жаңа қызметінде толағай табыс, кәсіби жетістіктер және абыройлы қызмет тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Хромтау ауданы әкімдігі" жаңалықтары