Қазақстан Республикасының 2024–2028 жылдарға арналған су саласын дамыту жөніндегі Кешенді жоспарында республикалық маңызы бар 168 гидротехникалық құрылысты көпфакторлы тексеру көзделген.
2024 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін Су ресурстары және ирригация министрлігі 138 гидротехникалық құрылысты тексеруден өткізді. Бұл Кешенді жоспарда көзделген нысандардың жалпы санының шамамен 82%-ын құрайды.
Тексеруден өткен нысандардың қатарында Ақтөбе облысындағы Ақтөбе және Қарғалы су қоймалары, Алматы облысындағы Бартоғай және Құрты су қоймалары, Шығыс Қазақстан облысындағы Үйдене су қоймасы, Жамбыл облысындағы Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы, Батыс Қазақстан облысындағы Битік және Пятимар су қоймалары, Қарағанды облысындағы Ынтымақ су қоймасы және Қостанай облысындағы Жоғарғы Тобыл су қоймасы бар.
Ағымдағы жылдың соңына дейін 10 гидротехникалық құрылысты көпфакторлы тексеруді аяқтау, ал келесі жылы қалған 20 нысанды тексеру жоспарланған.
Көпфакторлы тексерулер су шаруашылығы нысандарының қауіпсіздігін бақылау және қамтамасыз ету үшін қажет. Уақтылы жүргізілетін тексерулер жөндеуді қажет ететін құрылыстарды анықтауға және авариялар мен бөгеттердің бұзылу қаупінің алдын алуға мүмкіндік береді. Көпфакторлы тексеру нәтижелері бойынша нысанның қауіпсіздік декларациясы әзірленіп, тәуелсіз сараптамаға жіберіледі.
«Кешенді жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыру жұмыстары жалғасуда және Министрліктің бақылауында. Көпфакторлы тексерулер гидротехникалық құрылыстардың техникалық жай-күйі туралы өзекті ақпарат алуға, ықтимал тәуекелдерді уақтылы анықтауға, оларды сенімді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды айқындауға, сондай-ақ жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу бойынша негізделген ұсыныстар қалыптастыруға мүмкіндік береді», — деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Салимов.
Соңғы үш жылда Су ресурстары және ирригация министрлігі 138 гидротехникалық құрылысты көпфакторлы тексеруден өткізді
Ұқсас материалдар

Трассалық-медициналық құтқару пунктінің қысқы кезеңге дайындығы тексерілді
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментіАшу
Петропавл прокуратурасы жетім балаларға арналған сериал көрсетілімін ұйымдастырды
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасыАшу
Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады
Шалқар ауданы әкімдігіАшу
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Сарыөзек ауылдық округінде күнделікті тазалық жұмыстар атқарылуда
Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Атырауда «Каникул» іс-шарасының үш күнінде 143 жасөспірім полицияға жеткізілді
Атырау облысының Полиция департаментіАшу
"Қостанай облысы Қостанай ауданы Надеждин ауылдық әкімшілігі" жаңалықтары

22 қазанда Надеждинка ауылында «АРЛАН» мәдени-демалыс орталығының салтанатты ашылуы өтті.
Қостанай облысы Қостанай ауданы Надеждин ауылдық әкімшілігіАшу
2026 жылдың 9 айында Қазақстанның су саласына 192,6 млрд теңге инвестиция тартылды
Қостанай облысы Қостанай ауданы Надеждин ауылдық әкімшілігіАшу
Мемлекеттің қолдауымен 10 мыңнан астам мүгедектігі бар қазақстандық жұмыспен қамтылды
Қостанай облысы Қостанай ауданы Надеждин ауылдық әкімшілігіАшу
Қазақстанда «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысып жатыр
Қостанай облысы Қостанай ауданы Надеждин ауылдық әкімшілігіАшу
Қазақстанда 60 мыңнан астам адам экологиялық волонтерлікке жұмылдырылған
Қостанай облысы Қостанай ауданы Надеждин ауылдық әкімшілігіАшу