№7 ҚКА-да күрделі хирургиялық ота жасалды

    Алматы қаласындағы №7 қалалық клиникалық ауруханада 70 жастағы науқасқа күрделі хирургиялық ота жасалды.

    Магниттік-резонанстық панкреатохолангиография (МРХПГ) нәтижесінде бауырішілік оң және сол өт өзектерінде, сондай-ақ жалпы өт өзегінде көптеген конкременттер анықталды. Осыған байланысты қосымша тексеру жүргізіліп, хирургиялық емдеу тактикасы белгіленді.
    Операция барысында өт жолдарында тастардың бар екені расталды. Сонымен қатар, операция кезіндегі холангиография барысында жалпы өт өзегінің терминалдық бөлігінің стриктурасы, яғни тарылуы анықталды.
    Анықталған өзгерістерді ескере отырып, хирургиялық топ холецистэктомия, бауырішілік және бауырдан тыс өт жолдарындағы конкременттерді алып тастау, жалпы өт өзегінің резекциясы және операцияның реконструктивтік кезеңі — Ру әдісі бойынша гепатикоеюностомия жасады.
    Ру әдісі бойынша гепатикоеюностомия— өттің ішекке қалыпты ағуын қалпына келтіру мақсатында бауыр өзегін жіңішке ішекпен жалғайтын реконструктивтік хирургиялық әдіс.

    Мұндай күрделі оталарды орындау хирургиялық топтың жоғары біліктілігін, анатомиялық ерекшеліктерді дәл бағалауды және емдеу тактикасын әр науқасқа жеке таңдауды талап етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары