1 / 2
Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл М.А. Музатованың төрағалығымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне арналған семинар өтті.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық әдебі мен жалпы қабылданған моральдық нормаларды сақтау, қызметтік әдеп талаптарын орындау және мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киім үлгісіне қойылатын талаптар талқыланды.
Сонымен қатар, мемлекеттік орган мен бағынысты мекемелердің қызметкерлеріне құқықтық оқыту жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп нормаларын сақтау мәдениетін қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.









