Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл М.А. Музатова мен Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы А.А. Анжанова Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Заң мен тәртіп: құқықтарыңды біл, міндетіңді орында, жауапкершілікті сезін» тақырыбында студенттермен кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру және құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін кеңейту.
Кездесу барысында Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу тарихына да назар аударылды. Атап айтқанда, «Республика: тарихымыз – тұғырымыз» тақырыбы аясында 1990 жылғы 25 қазандағы Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның тарихи маңызы, тәуелсіз Қазақстанның құқықтық негіздері және ел егемендігінің қалыптасу кезеңдері туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар студенттерге азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын сақтау, құқықтық жауапкершілік және қоғамдағы заң мен тәртіптің маңызы түсіндірілді. Бұдан бөлек, қаржылық сауаттылықты арттыру, жеке қаржыны тиімді басқару, қаржылық қауіпсіздікті сақтау және алаяқтық әрекеттерден сақтану мәселелері қозғалды.
Кездесу жастардың тарихи танымын кеңейтуге, ел тәуелсіздігінің құндылығын ұғындыруға, заңға құрметпен қарауға және қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуге бағытталды.
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Заң мен тәртіп: құқықтарыңды біл, міндетіңді орында, жауапкершілікті сезін» тақырыбында студенттермен кездесу өткізді
1 / 2
Ұқсас материалдар

Қауіпсіздік – әрқайсымыздан басталады
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
Алмасадам Сәтқалиев АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілімен кездесті
Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігіАшу
Республика күніне орай «Қазақша QUIZ» интеллектуалдық сайысы өтті!
Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасыАшу
ТҮРКІСТАНДА АБАТТАНДЫРУ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
ҚАЛА ЖОЛДАРЫНДАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС ҚОЛАЙЛЫЛЫҒЫ АРТАДЫ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаменті" жаңалықтары

Аппараттық кеңес өтті
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаментіАшу
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаментіАшу
Азаматтарды қабылдады
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаментіАшу
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ӘДЕП НОРМАЛАРЫН САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаментіАшу
Түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Шалқыма», «Лимон» сауда орталықтарында кәсіпкерлермен кездесу
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаментіАшу