ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАРДЫҢ БОЙЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

    1 / 2
    Республика күні қарсаңында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Арыс қаласында «Жол жиегі – ел келбеті» акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Негізгі назар облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойын тазалауға аударылды.
    Сенбілікке қала әкімі Қайсар Маңқараев қатысып, тазалық жұмыстарына белсенді атсалысқан тұрғындар мен мекеме қызметкерлеріне алғысын білдірді. Қала тазалығын сақтау әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.
    Тазалық жұмыстары Арыс – Шымкент тасжолының бойынан басталды. Жол бойындағы арамшөптер шабылып, қоқыстар жиналды. «Жасыл Арыс» КММ мен «Khazakh Real Stroy» мекемесінің арнайы техникаларының көмегімен жолға су шашылып, қураған ағаштарды отау жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарға «Отырар аудандық Орман шаруашылығы» КММ-нің қызметкерлері де белсенді қатысты.
    Қала көшелері мен жолдардың бойын таза ұстау – ортақ міндет. Тазалық жұмыстарына атсалысқан барлық мекеме-ұжымдар мен белсенді тұрғындарға алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта да осындай игі істерге белсенді қатысып, қаламыздың тазалығы мен көркеюіне бірге үлес қосайық!
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының әкімдігі" жаңалықтары