Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті·Жаңалықтар мұрағаты
Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орай осы салада еңбек етіп, өзгелерге қолдау көрсетіп жүрген мамандарды таныстыруды жалғастырамыз.
Солардың бірі – Жетісу облысындағы «Үміт» күндізгі болу орталығының дефектолог мұғалімі Гүлзат Жарлықанова. Ол ерекше балалармен жұмыс істеп, олардың жаңа нәрселерді үйренуіне, өз бетінше әрекет етуіне және айналасындағы адамдармен араласуына көмектеседі.
Гүлзаттың айтуынша, әр баланың өз қабілеті бар. Ең бастысы – сол қабілетті байқап, баланың қолынан келетін нәрсеге сенім арту. Кейде кішкентай ғана жетістіктің өзі үлкен қуаныш сыйлайды.
«Баланың бір нәрсені өз бетімен үйреніп, кішкентай болса да алға қадам басқаны біз үшін үлкен жетістік. Сондай сәттерде еңбегіңнің зая кетпегенін түсінесің», – дейді маман.
Бұл жұмыс шыдамдылық пен мейірімділікті талап етеді. Ал балалардың әр жетістігі Гүлзатқа алға қарай ұмтылуға күш береді.









